Қазақстанның екінші ракеткасы Бейбіт Жұқаев әлемдік рейтингте жеке рекордын жаңартты, деп хабарлайды Kazinform.
Кәсіби теннисшілер қауымдастығының (ATP) жаңартылған рейтингісінде Б.Жұқаев 187-ден 186-ға көтерілді.
Бұл – оның дүниежүзілік рейтингтегі үздік көрсеткіші.
Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик 32-орнын сақтаса, Тимофей Скатов – 215, Денис Евсеев – 226, Михаил Кукушкин 229-сатыда тұр.
Жұптық сында Александр Недовесов – 44, Андрей Голубев 61-орнында қалды.
Әйелдер теннисі қауымдастығының (WTA) жаңартылған рейтингісінде Елена Рыбакина бұрынғыша 4-орында келеді. Юлия Путинцева – 69, Аружан Сағындықова 787-сатыда.
Жұптық сында Анна Данилина – 56, Е.Рыбакина – 118, Жібек Құламбаева 143-орынға жайғасты.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық теннисшінің Мысырдағы жарыстың жеңімпазы атанғанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).