АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық, әлемнің 201-ракеткасы, 23 жастағы Бейбіт Жұқаев Мехико (Мексика) челленджер турнирінің ширек финалына жолдама алды.
Жарыстың 5-ракеткасы Б.Жұқаев екінші айналымда рейтингіде 685-сатыда тұрған мексикалық, 18 жастағы Родриго Пачеко Мендеспен бетпе-бет келді.
Бұл жолы Бейбіт 1 сағат 13 минутқа созылған матчта қарсыласынан 6:3, 6:4 есебімен айласын асырды. Жұқаев осы уақыт ішінде 17 эйс жасап, 6 брейк-пойнттың екеуін пайдаланып үлгерді. Корт иесі 2 эйспен шектелді.
Бейбіт алғашқы ойында 19 эйспен көзге түскен еді.
Б.Жұқаев жартылай финалға шығу үшін әлемнің 212-ракеткасы, канадалық Алексис Галарномен сынға түседі.
Қазақстандық спортшы ATP Live рейтингісінде ТОП-200-ге қайта кіріп, 190-орынға көтеріліп тұр.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Тимофей Скатовтың Италияда сенсация жасап, ширек финалға шыққанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).