Бейімбет Қанжанов Парижде чемпион атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 26-28 мамыр аралығында франция астанасында «б» санатындағы «grand prix de paris de sambo 2017» халықаралық турнирі өтті.

«Шарли» аренасында 17-ші мәрте өткен дәстүрлі турнирде 29 салмақ дәрежесінде жүлдегелер сарапқа салынды, деп хабарлайды dodasport.kz .

 Сайыстар спорттық және жауынгерлік самбо бойынша жастар, жасөспірімдер және ересектер арасында өтті.

52 келі салмақта бірнеше дүркін әлем чемпионы, Қазақстан самбосының мақтаншысы Бейімбет Қанжанов сынға түсті. Отандасымыз өзінің шеберлік деңгейін көрсетіп, Францияда қарсылас шақ келтірмей, алтын олжалады.