Егер клуб ойыншының талаптарын қабылдаса, онда спортшының жалақысы командадағы ең жоғарысы және әлемдік дәрежеде де бұл көрсеткіш бойынша алғашқылардың қатарында болмақ.
"Реал" басшылығы Бейлмен арада жасасқан 2019 жылы аяқталатын шарт мерзімін тағы екі жылға ұзартпақ. Тараптар жалақыны португалиялық Криштиану Роналду табысынан асатын сомаға дейін көтеру жайын қарастырып жатыр. Осылайша, Бейл шамамен "Барселонадағы " аргентиналық Лионель Месси сияқты аптасына 425 мың еуроға жуық қаражат алмақ.