"Беймарал" күлкі компаниясы Қызылорда облысындағы "Әзіл мен ән" кештерін бастады

АЛМАТЫ. 16 мамыр. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Аралда "Беймарал" театры "Әзіл мен ән" кешін өткізеді. Оны "Мұрагер" продюсерлік орталығы ұйымдастырып отыр. Бұл шара "Мұрагер" продюсерлік орталығының продюсері Әзімхан Бердалының 60 жылдық мерейтойы аясында жүзеге асып отыр.

"30 сәуір күні Алматыда бастау алған өнер кеші енді Қызылорда облсында өз жалғасын тауып отыр. Бұл сапар кезінде біз Қазалыда, Қармақшыда, Жалағашта, Сырдарияда, Қызылордада, Шиеліде, Жаңақорғанда жұртшылықпен жүздесіп, "Әзіл мен ән" кешін өткізбекпіз", - дейді «Мұрагер» продюсерлік орталығының режиссері Асқар Наймантаев. Оның айтуынша, гастрольдік сапарды олар бұдан кейін Тараз бен Шымкент қалаларында жалғастырмақ.