Бұл туралы бүгін «Тіршілік қарекетін кешенді қамтамасыз ету жүйесімен» белгіленген әкімшілік құқық бұзушылықтарға қатысты көшпелі сотында Астана қаласы ІІД Есіл аудандық ІІБ өкілі Серік Әбутәліп мәлім етті.
«Көшпелі соттың мақсаты - аудан тұрғындарына барлық құқық бұзушылықтар бейнебақылау камералары арқылы тіркелетіндігін хабарлау. Егер біз бұрын күніне 50-ден астам құқық бұзушылықты анықтап келген болсақ, жүйе арқылы біз оның санын 10-8-ге дейін төмендеттік», - дейді ол.
Еске сала кетейік, елордада қылмыс санын азайту масатында қолға алынған «Тіршілік қарекетін кешенді қамтамасыз ету жүйесі» ілкі жобасы аясында Қабанбай батыр-Алматы-Сауран-Сығанақ көшелері ауданындағы аулаларға 113 камера орнатылған болатын.
Жалпы 6 айдың ішінде сол камералармен 138 құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде көлікті айдап кету - 2, адамға дене жарақатын салу - 1, әкімшілік құқық бұзушылық фактілері - 71, жол-көлік оқиғасы бойынша 28 факті тіркелген.