Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігінен хабарлағандай, 12 желтоқсан күні түскі сағат 12.46-да автожолдың 40-шақырымында «Газель» және «Тойота» автокөліктері соқтығысып қалды.
Салдарынан бірінші көліктің 31 жастағы жүргізушісі мен оның 36 жастағы жолаушысы, сондай-ақ екінші көліктегі 54, 62, 64, 69 және 80 жастағы жолаушылары оқиға орнында мерт болды. «Тойотаның» 56 жастағы жүргізушісі мен «Газельде» болған 16 және 31 жастағы азаматтар ауруханаға жеткізілді.