«9 қаңтарда жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Маңғыстау облысы бойынша ҰҚКД және Маңғыстау облысы Полиция департаментінің Өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы үшін Бейнеу ауданы полиция бөлімі бастығының орынбасары Т. Есбағанбетовті ұстады», - деп жазды ақпарат көзі.
Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жүргізілуде. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді.
Фото: t.me/POLICE_of_KZ