АҚТАУ. KAZINFORM - Маңғыстау облысы Бейнеу ауданында 2020 жылы туған бала тұрғын үйдің екінші қабатынан құлап кетті, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, бала түрлі жарақаттармен жергілікті ауруханаға жеткізілді және ол дәрігерлердің бақылауында.
Тһтенше жағдайлар министрлігі кішкентай балаларды ересектердің қарауынсыз қалдырмауға шақырады.
Осыған дейін Ақтауда жеткіншектің жартастан құлап кеткенін жазған едік.
Айдар Оспаналиев
2000 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-дың журналистика факультетін бітірген. Журналистика саласында 2000-шы жылдан бері қызмет етіп келеді.