«Бүгінде газдың экспортқа шығу жолы тек Ресей арқылы жүзеге асырылады. Бұйыртса, биыл басталатын Бейнеу-Бозой жобасы біріншіден оңтүстік өңірді өзіміздің газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Оның үстіне, осы құбыр арқылы Қытай нарығына шығуға мүмкіндік болады», деді министр.
Сонымен қатар С. Мыңбаев Бейнеу-Бозой құбыры құрылысын бастауға қазіргі кезде ешқандай қаржылық проблема жоқ екендігін атап өтті. Министрдің сөзіне қарағанда, қаржыландыру шараларында, яғни капитал салу бойынша Қытай тарапымен тиісті жұмыстар айқындалған. Атап айтқанда, бұл жоба бойынша қазіргі кезде ағымдағы тиісті жұмыстар атқарылуда. Осыған байланысты бұл мәселе тұрғысында жақын арада соңғы нүкте қойылмақ.