Бейнеу - Бозой - Шымкент газ құбырының 2-желісі салынады
«Қашаған кен орнында салынып жатқан және болашақта салынатын зауыттар аясында өндірілетін тауарлық газдың қосымша көлемі бүгінде жүктемесі 45 пайызды құрап отырған қолданыстағы «Орталық Азия - Орталық» магистралды газ құбыры арқылы тасымалданатын болады. Аталған газды солтүстік және оңтүстік өңірлерге жеткізу «Бейнеу - Бозой - Шымкент» магистралды газ құбыры арқылы жүзеге асырылатын болады. Бұл үшін «QazaqGaz» ҰК» АҚ «Бейнеу - Бозой - Шымкент» газ құбырының өткізу қабілетін жылына 30 млрд текше метрге дейін кеңейту үшін құбырдың 2-ші желісін салу бойынша техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуді бастады. Жүзеге асырудың жоспарланған мерзімі – 2027 жыл», - деп атап өтеді Үкімет басшысы жауабында.
Бұған дейін 2028 жылға қарай елімізде жиынтық жылдық қуаты 9 млрд текше метр болатын 3 газ өңдеу зауыты салынатындығын жазған едік.