Бұл туралы бүгін Алматыда ашылған KIOGE-2010 конференциясы барысында ҚР мұнай және газ вице-министрі Ләззат Қиынов айтты.
«Бейнеу-Шымкент» магистралдық газ құбырының құрылысы бойынша жобаның алғашқы кезеңін 2013 жылы аяқтау қарастырылуда», - деді Л.Қиынов.
Ол сондай-ақ биылғы жылы Қазақстан газының экспорты өткен жылмен салыстырғанда 28 пайызға ұлғайып, 9 миллиард текше метрді құрайтынын жеткізді. «Қазіргі кезде Қазақстан газы тек Ресейге сатылуда. Өткен 8 айдағы сатылым көлемі 5,7 миллиард текше метр газды құрады», - деп атап өтті вице-министр. Оның айтуынша, биылғы жылы шикізат түріндегі газды өндіру 37 миллиард текше метр көлемінде болады. Ал 2015 жылы өндірілген газдың көлемі 61,6 миллиард текше метрге жеткізіледі.