деп хабарлайды Маңғыстау облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің баспасөз қызметі.
Сот-тауар сараптамасының қорытындысы бойынша, тауардың құны 2,7 млн. теңгені құрайтындығы анықталды.
Контрабандалық шалбарларды алып өтпек болған тәжік азаматы Кеден департаменті мен көлік прокуратурасы қызметкерлерінің жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде құрықталды.
Қазіргі таңда аталған факті бойынша Душанбе қаласының (Тәжікстан Республикасы) тұрғыны 1965 жылы туылған М. атты азаматқа қатысты қылмыстық іс қозғалды.