Екінші орында 39 жасар колумбиялық әртіс, модель әрі тележүргізуші София Вергара. Үшінші орын 36 жасар әртіс Шарлиз Теронның еншісінде. Жалпы, тізімге 178 танымал әйелдің есімі іліккен.
Рейтингтің алғашқы легіне сондай-ақ актриса, модель, атақты ағылшын вокалисі Фил Коллинзтің қызы Лили Коллинз, америкалық киножұлдыздар Мэделин Стоу, Кристина Хендрикс, Мишель Уильямс, Пола Пэттон, кантри стиліндегі әнші Миранда Ламберт пен британдық ханзада Уильямның әйелі - Кембридж герцогинясы Кейт Миддлтон кірген.
23 жасар Лили Коллинз бен 28 жасар Миранда Ламберттен басқа рейтингтегі барлық әйелдердің жасы 30-дан асқан. Тіпті үздік ондықтың арасында 53 жасар Мэделин Стоудың жүргенін қайтерсіз.
Былтыр ғаламшардың ең сұлу әйелі рейтингісінде алғашқы орын Дженнифер Лопеске бұйырған еді.
People рейтингісіндегі топ-10:
1. Бейонсе
2. София Вергара
3. Шарлиз Терон
4. Лили Коллинз
5. Мэделин Стоу
6. Кристина Хендрикс
7. Мишель Уильямс
8. Пола Пэттон
9. Миранда Ламберт
10 Кейт Миддлтон
04:36, 27 Сәуір 2012
Бейонсе 2012 жылдың ең сұлу әйелі деп танылды (ФОТО)
АСТАНА. 27 сәуiр. ҚазАқпарат - Американдық People журналы ең сұлу әйелдердің дәстүрлі рейтингісін жариялады. 2012 жылдың ең сұлу әйелі атағы 30 жасар Бионске берілді, деп жазады Newsru.com.