Бейонсе егіз нәрестелі болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Поп-орындаушы Бейонсе мен рэпер Jay-Z егіз нәрестелі болды. USA Today порталы хабарлағандай, әнші 17 маусым күні түнде босанған.

Нәрестелердің ұл-қыз екендігі, есімдері әзірге белгісіз. Отбасының жақын досының айтуынша, балалар Лос-Анджелестегі медициналық орталықта туған.

Еске салсақ, әнші Бейонсе өзінің жүктілігі туралы ақпанда Instagram-ға фотосын жариялап, хабарлаған. «Сіздермен махаббатымыз, бақытымыз жайлы бөліскіміз келеді. Отбасымыз тағы да толығатыны ерекше қуанышқа бөлеуде. Тілектеріңіз үшін алғысымыз шексіз», - деп жазған болатын Бейонсе.