Бейресми ақпарат бойынша 16 адамның өмірін жалмаған Волгоградтағы лаңкестікті славян ұлтты ер адам жасаған

None
АСТАНА. 29 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бүгін Волгоградтың орталық вокзалында болған жарылыс құрбандарының саны 16-ға жетті, деп хабарлады interfax.ru.

«Интерфакстің» жедел қызметтегі дереккөзінің хабарлауынша, лаңкестік әрекетті жасаған жанкешті ер адам болып шықты. Оның айтуынша, қылмыскердің аты-жөні анықталды. Құқыққорғау органдарының қызметкері лаңкестің есімін жария етпеген, бірақ оның славян ұлты өкілі екенін атап өтіпті. Бұл ақпарат ресми қуатталған жоқ.
Бұған дейін көптеген БАҚ бомбаны іске қосқан әйел болды деп хабарлаған болатын.
Вокзалға қарсы ғимаратта орнатылған камера жарылыс сәтін түсіріп алған, сол жазба YouTube-та жарияланды:


Соңғы мәліметтер бойынша, қаза болғандар саны 16-ға дейін өсті. Волгоград облысы үкіметінің вице-премьері Василий Галушкиннің айтуынша, он төрт адам оқиға орнында көз жұмған, қалған екеуі ауруханада жантәсілім еткен.
9 бен 60 жас аралығындағы жалпы саны 37 адам ауруханада жатыр. Соның сегізінің жағдайы ауыр, біреуі хал үстінде жатыр.