Орталық ол түрмеге 2001 жылғы қыркүйектің 11-індегі лаңкестік әрекеттен кейін тұтқындалған «Әл-Кайедамен» байланысы бар деген күдіктілерді жөнелтіп отырған. Бұл туралы американдық ABC News телеарнасы хабарлады.
Телекомпанияның мәліметтері бойынша, түрмеде 8 адам бір жылға жуық отырған. Вильнюсте құпия түрме туралы әңгіменің пайда болуы оның жабылуына себеп болған.
АВС журналистері сондай-ақ, Орталық барлау басқармасы ұшақтарының Литваға ұшу сапарларының есептеріне қол жеткізген. Ол құжаттарға сәйкес, түрме жұмыс істеп тұрған кезде Вильнюске ұшақтар тұрақты ұшып тұрған.
Бұған дейін «Әл-Кайеда» тобының мүшелеріне арналған түрмелердің Польша, Таиланд, Румыния, Марокко және Ауғанстан елдерінде орналасқаны, ол жерлерде тұтқындарды азаптау фактілері жиі орын алғандығы туралы ақпараттар пайда болған еді.