Бейрутте «Елбасы - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың көшбасшылық рөлі» атты дөңгелек үстел өтті
Аталған іс-шараға қатысушылардың алдында ҚР Ливандағы Кеңесі-уәкілі Д.Ембердиев еліміздегі саналуан халықтар мен ұлт өкілдерінің арасындағы бірлік пен татулық және осы уақыт аралығында көптеген салаларда қол жеткізілген ұланғайыр табыстар мен жетістіктер жөнінде, еліміздің ШЫҰ-да және ИЫҰ-да төрағалық етуінің маңызы мен рөлі, Қазақстанның қарусыздану мен жаппай қырып-жою қаруын таратпау саласындағы саясаты, Астанада 2017 жылы EXPO көрмесін «Болашақ энергиясы» тақырыбында өткізуге дайындығы туралы және басқа да маңызды тақырыптарды қамтыған үлкен баяндама жасады.
Университет ұжымы атынан, осы жоғары оқу орнының президенті Др. Паул Ара Хайдостиан ҚР Президенті - Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың жүргізіп отырған салиқалы да сарабдал ішкі және сыртқы саясатының арқасында Қазақстанның осы күндері дүниежүзіне танымал елдердің қатарына қосылып, қарқынды даму үстінде екендігін әңгімелей отырып, жоғары баға берді.
Аталған іс-шара барысында қонақтарға ағылшын тілінде Қазақстан туралы 2 деректі кинофильм көрсетіліп, қазақтың ұлттық тағамдары ұсынылды.