Израиль қорғаныс күштері Бейруттегі шииттік «Хезболла» қозғалысының штаб-пәтері командирлерінің бірін жойғанын хабарлады.
Армияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, Израиль әуе күштерінің дәл соққысы нәтижесінде «Хезболла» штабының қолбасшысы Сухаил Хуссейн Хуссейни қаза тапқан.
Хабарламада айтылғандай, ол Ираннан логистика мен қару-жарақтың жеткізілуіне, сондай-ақ «Хезболла» бөлімшелеріне қару-жарақ таратуға жауапты болған.
5 қазанда «Хезболла» бас хатшысының мұрагері Израильдің соққысынан қаза тапты. Ливанның радикалды шииттер қозғалысы «Хезболла» өзінің жетекшісі Хасан Насралланың Израильдің
Бейрутқа жасаған соққысынан қайтыс болғанын растады.
1 қазан күні Израиль армиясы Ливанның оңтүстігінде құрлық операциясы басталғанын жариялап, оның мақсаты «Хезболла» инфрақұрылымын жою деп атады.
Бұған дейін Иранның рухани көсемі Аятолла Әли Хаменеи өз үйінде Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің шұғыл отырысын шақырғаны туралы жазған болатынбыз.
7 қазанда Палестиналық ХАМАС қарулы тобының кибуцтар мен Израильдегі фестиваль қатысушыларына жасаған шабуылынан туындаған Газа секторындағы әскери қақтығыстың басталғанына бір жыл болды.