Бейрутте Ирак парламентінің бұрынғы депутатының мәйіті табылды

АСТАНА. KAZINFORM — Ирак парламентінің бұрынғы депутаты Ахмад әл-Алвани Ливан астанасы Бейрут қаласында өлі күйінде табылды, деп хабарлайды Report .

Фото: Report

Саясаткердің мәйіті Тарик әл-Жадида ауданындағы пәтерлердің бірінен табылған.

Ливан MTV телеарнасының мәліметінше, әл-Алваниді пәтерге алдап шақырып, сол жерде тұншықтырып өлтірген болуы мүмкін. Оны тұншықтырмас бұрын, басынан ұрған.

Ливанның Al Jadeed телеарнасы тергеушілер қылмысқа қатысы бар адамдарды анықтау үшін бейнебақылау камераларындағы жазбаларды зерттеп жатқанын хабарлады.

Ирактың Ливандағы елшісі Мұхаммед Реза әл-Хусейни бұрынғы депутаттың қазасына қатысты мән-жайды Ливанның сот органдары тергеп жатқанын растады. Әзірге күдіктілер мен қылмыстың себептері туралы ақпарат жарияланған жоқ.

Айта кетейік, Иранда наразылық кезінде полицейлерді өлтірген екі адам дарға асылды.