деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Өткізілген кездесу барысында әр түрлі саладағы қазақстан-ливандық ынтымақтастықтың ары қарайғы даму мәселелері, сондай-ақ бірқатар екі жақты келісімдердің қаралу барысы талқыланды.
Дипмиссияның жетекшісі бас хатшыны Елбасы Н.Назарбаевтың басшылығымен жүргізіліп отырған қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалар туралы хабардар етті.
У.Хабиб өз кезегінде Ливанның Қазақстанмен халықаралық және аймақтық ұйымдар аясында өзара жұмыс істеуге дайын екенін білдірді.