Лицензиясыз жұмыс істеген мектептердің мәселесі қалай шешіліп жатыр

Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Үкімет үйіндегі баспасөз мәслихатында лицензиясыз жұмыс істеген мектептердің мәселесі қалай шешіліп жатқанын айтты.

Министрдің айтуынша, қазір лицензиясыз жұмыс істеген 66 мектептің 18-і ғана лицензия рәсімдеп үлгермеген.

- Олар да лицензияны қалпына келтіру бағытында жұмыс істеп жатыр. Мектептердің лицензиямен жұмыс істеуі - білім сапасына тікелей байланысты мәселе. Аталған 18 мектептің ішінде кейбір жекеменшік мектептер де бар екенін көріп отырмыз. Бұл - жалпыға ортақ талап. Лицензия болмаған жағдайда сапалы білімді қамтамасыз ете алмаймыз, - деді Ғани Бейсембаев.

Еске салсақ, QazBilim орталығының негізін қалаушы Аятжан Ахметжан 2023 жылдан бері жеке меншік мектептерге төленетін субсидия кешігіп төленіп жатқанын, салдарынан биылдың өзінде 20 мектеп жабылып қалғанын мәселе етіп көтерген болатын