Бейсенбі күні 6 өңірде қатты ыстық сақталады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 1 қыркүйекте Қазақстанның басым бөлігінде бұлтты және құрғақ ауа райы күтіледі. Тек солтүстік-батыста, солтүстікте атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Республика бойынша кей жерлерде жел күшейеді. ҚазАқпарат бұл туралы «Қазгидрометке» сілтеме жасап хабарлайды.

Атап айтқанда, Қызылорда, Түркістан, Ақтөбе облыстарының басым бөлігінде, Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында, Абай, Қостанай, Қарағанды облыстарының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі болжанады.

Күндіз Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Ұлытау облыстарының басым бөлігінде қатты ыстық сақталады.