Бейсенбі күні әдебиет бойынша Нобель сыйлығының иегерлері анықталады

АСТАНА. 6 қазан. ҚазАқпарат - Әдебиет саласы бойынша 2011 жылғы Нобель сыйлығының иегерлері бейсенбі күні Стокгольмдегі Швед акадамиясында жергілікті уақыт бойынша түскі 15.00-де анықталады.

Бұл туралы Нобель қорының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып, Утро.ру агенттігі хабарлаған.

Қалыптасқан дәстүр бойынша лауреатты академияның тұрақты хатшысы - шведтік жазушы және тарихшы Петер Энглунд жария етеді.