Солтүстікте түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі. Республиканың батысында ғана ашық күн райы сақталады.
Павлодар, Қостанай, Шығыс Қазақстан, күндіз Жамбыл облыстарында кей жерлерде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында түнде және күндіз кей жерлерде тұман түседі, күндіз бұршақ жаууы мүмкін, Ақмола облысында кей жерлерде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.
Қарағанды облысында кей жерлерде желдің күші 15-20 м/с-қа жетеді, бұршақ жаууы мүмкін.
Алматы, Оңтүстік Қазақстан облыстарында күндіз кей жерлерде шаңды дауыл көтеріліп, желдің екпіні 15-22 м/с-қа жетеді.
Атырау, Ақтөбе, Қвызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстарында, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.