Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарының, күндіз Оңтүстік Қазақстан, Атырау, Батыс Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұршақ жаууы ықтимал.
Күндіз Атырау облысының басым бөлігінде, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық күтіледі.
Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарының басым бөлігінде, Жамбыл, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Алматы облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.