«Республиканың батыс пен оңтүстік бөлігінде ғана жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарында жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал, Ақмола облысында тұман түседі», - деп жазылған хабарламада.
Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарында желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін барады. Қостанай облысында түнде және таңертең тұман түседі.
Алматы, Маңғыстау облыстарының бірқатар жерлерінде екпіні 15-20 м/с жел, шаңды дауыл тұрады. Күндіз Атырау, Алматының бірқатар өңірлерінде, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарында қатты ыстық болады деп күтілуде.