Бейсенбі күні республиканың басым бөлігінде жауын-шашын болады - Қазгидромет

АСТАНА. ҚазАқпарат - 23 сәуір күні Қазақстанның барлық бөлігінде атмосфералық фронтальдық ағындардың өтуіне байланысты, тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерлерінде жаңбыр, найзағай, желдің күшеюі күтіледі, тек оңтүстік және оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы болады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, түнде Қызылорда, күндіз Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшеюі күтіледі.Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с, шаңды дауылмен соғады. Маңғыстау облысының жағалауында тұман күтіледі.

Батыс Қазақстан, Қызылорда, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.