Бейсенбі күні республиканың басым бөлігінде жел күшейеді - Қазгидромет

АСТАНА. ҚазАқпарат - 19 ақпан күні Қазақстан территориясының басым бөлігі антициклонның ықпалында болғандықтан, сонымен байланысты жауын-шашынсыз болады, тек батыс және солтүстік-батыс бөлігінде кей жерлерде жауын-шашын, бұрқасын, тұман, көктайғақ, жел күшеюі күтіледі. Бұл туралы Қазгидромет хабарлады.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Ақтөбе облысының кей жерлерінде бұрқасынмен жел 15-20 м/с күшейеді. Қостанай облысының түнде және таңертең кей жерлерінде тұман, күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Шығыс Қазақстан облысының түнде кей жерлерінде бұрқасынмен жел 15-20 м/с болады. Ақмола, Алматы облыстарының түнде және таңертең кей жерлерінде тұман байқалады. Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі.