Бейсенбі күні РФ-ның Омбы облысында ірі жол-көлік апатынан 16 адам қаза болуына байланысты аза тұту күні жарияланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бейсенбі күні, 25 маусымда Омбы облысында 16 адам мерт болған және тағы 11 адам зардап шеккен жол-көлік оқиғасына байланысты аза тұту күні жарияланды, деп хабарлады өңір үкіметінің ақпараттық басқармасының өкілі губернатор Виктор Назаровқа сілтеме жасап.

Апат Омбыдан 20 шақырым жерде орын алды, бұл оқиға соңғы айлардағы Ресей аумағындағы жол-көлік оқиғаларының ішіндегі ең ірісі болды. Алдын ала мәліметтер бойынша, құс фабрикасының 22 қызметкерін алып келе жатқан автобус қарсы бетке шығып кетіп, «КамАЗ» автомашинасымен соқтығысты, деп жазады РИА Новости.

«Қаза болғандардың отбасыларына, соның ішінде жерлеуге де барлық қажетті көмек көрсетіледі. Ертең Омбы облысында аза тұту күні жарияланды», - деді агенттік сұхбаттасушысы.