Павлодар қаласының білім беру бөлімінің мәлімдеуінше, 1-ауысымның 1-11 сыныптарына сабақ болмайды. Қалада ауа температурасы минус 35 градус, желдің жылдамдығы секундына 2 метр.
ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің сайтында облыстық Білім басқармасына сілтеме жасай отырып, өңірде бірқатар қала мен 12 ауданда бүгін сабақ болмайтындығы жария етілді.
27 желтоқсанда Өскемен (температура минус 34), Семей (-34), Курчатов қалаларында (-35) 1-ауысымдағы 1-11 сынып аралығында, колледждердің 1-2 курстарына, Риддерде (-27) 1-ауысымның 1-9 сыныптарына сабақ болмайды.
Шемонайха ауданында (-35) 1-ауысымдағы 1-11 сынып аралығында және колледждердің 1-2 курстарында, Зырянда (-39) 1-2 ауысымдағы 1-11 сынып аралығында және колледждердің 1-2 курстарына, Глубокое ауданында (-35) 1-ауысымның 1-11 сыныптарына және колледждердің 1-2 курстарына, Күршімде (-34) 1-ауысымның 1-11 сыныптарына және колледждердің 1-2 курстарына, Катонқарағайда (-34) 1-ауысымдағы 1-11 сынып аралығында, Бородулиха да(-37) 1-ауысымның 1-11 сыныптарына және колледждердің 1-2 курстарына, Жармада (-32) 1-ауысымдағы 1-11 сыныптарында, Көкпектіде (-37) 1-ауысымдағы 1-11 сынып аралығында, Аягөзде (-26) 1-ауысымдағы 1-9 сыныптарда, Тарбағатайда (-29) 1-ауысымның 1-9 сыныптарына, Абай ауданында (-30) 1-ауысымдағы 1-4 сыныптарда, Бесқарағайда (-37) 1-ауысымдағы 1-11 сынып аралығында сабақ болмайды.
Қарағанды қаласы білім бөлімінің хабарлауынша, қолайсыз ауа райына байланысты бірінші ауысымда оқитын 0-4 сыныптарға сабақ болмайды.
Бұрын Астананың 1-ауысымда оқитын 0-4 сыныптарына сабақ болмайтыны хабарланған болатын. Синоптиктердің айтуынша, елордада ауа температурасы бүгін минус 27 градус.