Бейсенбіде Қазақстанның басым аумағы антициклонның ықпалында болады - Қазгидромет

АСТАНА. 8 желтоқсан. ҚазАқпарат - «Қазгидрометтің» болжауынша, бейсенбі күні Қазақстанның басым аумағы антициклонның ықпалында болады.

Мәселен, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды облыстарында тұман болады.

Алматы облысының кей жерлерінде тұманды, Жалаңашкөл аумағында секундына 18-23 метр жылдамдықпен соғатын желдің екпіні кей уақыттары 28-ге жетуі ықтимал.

Жамбыл облысының жекелеген жерлерін тұман басып, көктайғақ болады.

Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Атырау облыстарында жел күтілуде. Оның екпіні секундына 15-22 метрді құрайды. Атырау облысында күндіз сондай-ақ, тұман болжануда.

Ал Астанада бейсенбі жауын-шашынсыз өтеді. Секундына 9-14 м/с күшпен жел соғады. Ауаның температурасы күндіз -8-10, түнде -19-21 градусты құрайды.