Бейсенбіде Қазақстанның басым бөлігінде қар жауып, бұрқасын көтеріледі, көктайғақ болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бейсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде қар жауып, бұрқасын көтеріледі, тұман түседі, көктайғақ болады және жел күшейеді, республиканың батысында ғана күн райы ашық болады, деп хабарлады Қазгидромет» РМК.

Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде бұрқасындатып, желдің күші 15-20 м/с-қа жетеді.

Жамбыл облысында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, күндіз жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, күндіз Оңтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ болады.

Солтүстік Қазақстан облысында бұрқасындатып, түнде желдің екпіні кей жерлерде 15-20 м/с-қа жетеді.

Қостанай облысында түнде кей жерлерде тұман түседі, таңертең және күндіз кей жерлерде бұрқасынды болып, желдің күші 15-20 м/с-қа дейін жетеді.

Қарағанды облысында кей жерлерде бұрқасын көтеріліп, тұман түседі, желдің күші 15-20 м/с.