Бейсенбіде Қазақстанның көп бөлігінде жел күшейіп, көктайғақ болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 15 наурызда атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа-райы сақталады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Синоптиктердің болжауынша, кей жерлерде жауын-шашын түсіп, оңтүстіктің кей жерлерінде қатты нөсер жауады. Тек батыста күн райы ашық болады. Еліміздің басым бөлігінде тұман түсуі мүмкін. Кей жерлерінде көктайғақ, желдің күшеюі, солтүстікте жаяу бұрқасын күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын соғып, желдің екпіні 15-20 м/с-ге жетеді.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түеді, көктайғақ болады, желдің жылдамдығы 15-20, Жамбыл облысында күндіз желдің екпіні 23 м/с.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түседі, күндіз жел 15-20 м/с-ге күшейеді.

Маңғыстау, күндіз Атырау облыстарының кей жерлерінде жел жылдамдығы 15-20 м/с-ге жетеді.

Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман, түнде көктайғақ күтіледі. Ақмола, Алматы, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын соғады, жел 15-20 м/с-ге жетіп күшеюі ықтимал.