«Бейтаныс Қазақстан» автожарысының қатысушылары Байқоңырға келді

None
БАЙҚОҢЫР. ҚазАқпарат - «Ресей спорттық мүгедектер одағы» қоғамдық ұйымы, Халықаралық спорт туризмі федерациясы және Қазақстан Республикасы Ұлттық спорттық туризмі федерациясының қолдауымен мүмкіндігі шектеулі жандар «Бейтаныс Қазақстан» автожарысына қатысуда.

24 адамнан құралған топ (басым бөлігі мүгедектер),     сондай-ақ балалар,  егде адамдар мен еріктілер  маршрутқа сәйкес Байқоңыр қаласына келді.

Жеті мың шақырымды құрайтын автожарыс 30 шілдеде Уфа қаласынан шыққан. Маршрут Арқайым, Қостанай, Астана, Балқаш, Алматы, Жаркент, Тараз, Түркістан, Байқоңыр, Ақтөбе, Орынбор қалалары, сондай-ақ Шарын шатқалы, Алтынемел арқылы өтеді.

 «Бейтаныс Қазақстан»  автожарысының басшысы Альфир Ахметшин бастапқыда автомарафон РФ-да, Қазақстанда тұратын мүгедектер үшін жоспарланғанын айтты, алайда Қазақстан бойынша саяхаттың қалыптасқан мән-жайларына байланысты екі қала - Уфа мен Ульяновскінің туристері де қатысты. Олардың көпшілігі Уфадан, бұл  Башқұртстан астанасы Ресей мүгедектер туризмінің жетекші орталықтарының бірі болуына да байланысты.

Байқоңыр әкімшілігінің жәрдемдесуімен автожарыс қатысушылары қаланы аралап,  ғарыш айлағының көрікті жерлерінде болды.

Олар жарысты   22 тамызда   Уфа қаласында  аяқтайды.