Бүгін конькимен жүгіруден 1500 метр қашықтықта әйелдер арасындағы бәсекелер өтіп жатыр.
Аталған спорт түрінен Екатерина Айдова, Надежда Морозова ел намысын қорғайды.
Қазақстан атынан сынға түскен Екатерина Айдова аталған қашықтықты 1:59.01 секундта жүгіріп өтіп, әзірге алтыншы орында келеді.
Ал Надежда Морозова әлі жарыс жолына шыққан жоқ.
Сондай-ақ 13 ақпанда Айдова 500 метр қашықтықта, ал 17-сі күні 1000 метр қашықтықта өнер көрсетеді.
Естеріңізге сала кетейік, Екатерина Айдова 2022 жылы Бейжің Олимпиадасының ашылу салтанатында Қазақстан Туын ұстап шықты .