НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Бейжіңде өтіп жатқан XXIV қысқы Ақ Олимпиада ойындарында екі қазақстандық спортшы шаңғымен тұғырдан секіруден ресми жаттығуын бастайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Шаңғымен тұғырдан секіру. Ресми жаттығу
Сергей Ткаченко, Даниил Васильев
Басталуы: 16:00
Сондай-ақ, бүгін Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты өтеді. Қазақстандықтар салтанатты рәсімді «Qazaqstan», «Qazsport» және «Хабар» арналарынан көре алады. Трансляция Нұр-Сұлтан уақытымен 17:55-те басталады.
Нұр-Сұлтан мен Бейжің арасындағы уақыт айырмашылығы 2 сағат. Олимпиаданың екінші жарыс күнінде қазақстандықтар шаңғымен тұғырдан секіруден кезекті ресми жаттығуға қатысады.
Жарыс уақыты Нұр-Сұлтан уақытымен көрсетілген.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.