Ол ату кезінде бір рет қателесіп, қорытынды есепте 5:19.6 (0 1, 0 0) нәтижесімен 44-ші орынға тұрақтады.
Спортшымыз осы нәтижесінің арқасында із кесу жарысына жолдама алған 60 спортшының қатарына енді.
Биатлоншылар бәсекесінде германиялық Дених Херрман 44:12.7 (0 0, 1 0) көрсеткішімен бас жүлдені жеңіп алды. Екінші орынды 9.4 (0 0, 0 1) нәтижемен франциялық Анаис Шевалье-Буше қанжығасына байлады. Ал үздік үшінші орынға 15.3 (1 0, 0 1) қорытындысымен норвегиялық Марте Олсбю-Ройселанн ие болды.
Жарысқа жалпы есебі 86 спортшы қатысты.
Айта кетелік, Олимпиада ойындарында 34 қазақстандық атлет спорттың 8 түрінен ел намысын қорғап жатыр.