НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бейжіңде өтіп жатқан Қысқы Олимпиада ойындарының алғашқы алтынын жеңіп алған спортшының есімі белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бүгін әйелдер арасында шаңғы жарысынан (скиатлон (7,5 км/7,5 км) медальдар сарапқа салынды. Нәтижесінде норвегиялық шаңғышы Тереза Йохауг Олимпиада ойындарының алғашқы алтын медалін қанжығасына байлады. Аталған сында Ресей өкілі Наталья Непряева екінші орынды жеңіп алып, алғашқы күміс жүлдегер атаса, алғашқы қола медальға австриялық шаңғышы Тереза Стадлобер қол жеткізді.
Аталған сында Қазақстан намысын төрт шаңғышы қорғады. Алайда жерлестеріміз үздіктер қатарынан көріне алған жоқ.
Фото: Getty Images
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.