Атап айтсақ, ертең яғни 20 ақпанда Олимпиада ойындарының соңғы күні шаңғы жарысынан әйелдер арасында 30 шақырымға масс-старт жарысы өтеді.
20 ақпан күнгі жарыс кестесі:
Шаңғы жарысы
Өтетін уақыты - 12:30
Спорт түрі - шаңғыдан 30 шақырымдық масс-старт.
Еркін жүріс. Әйелдер.
Ангелина Шурыга, Ирина Быкова, Надежда Степашкина
Естеріңізге сала кетейік, бүгін ерлер арасында шаңғы жарысынан 50 шақырымдық масс-старт Чжанцзякоу қаласында ауа райының күрт нашарлауына байланысты 50 шақырымнан 30 шақырымға қысқартылған болатын. Ертең бүгінгідей ауа райы болса әйелдер арасындағы жарыстарға да өзгеріс енуі мүмкін.