Бейжің-2022: Шаңғышы қыздарымыз үздіктер қатарынан көріне алмады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бейжіңдегі Қысқы Олимпиадада әйелдер арасында шаңғы спортынан сынға түскен отандастарымыз үздіктер қатарына іліге алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған жарыста ел намысын төрт спортшы қорғады. Олар - Ксения Шалыгина Валерия Тюленева, Надежда Степашкина және Ангелина Шурыга.

Жарыс қорытындысы бойынша қазақстандық әйелдер арасында үздік нәтижені 48-ші орынмен аяқтаған Шалыгина көрсетті. Ангелина Шурыга 49-орынға тұрақтаса, Валерия Тюленева 51-ші, Надежда Степашкина 58-ші орыннан көрінді.

Шаңғы жарысы

Скиатлон (7,5 км/7,5 км). Әйелдер

Қазақстан спортшыларының нәтижесі:

Ксения Шалыгина - 50: 37.7

Ангелина Шурыга - 50:55.3

Валерия Тюленева - 51:30.8

Надежда Степашкина - 53:35.3