НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қытайдың Бейжің қаласында өтіп жатқан қысқы Олимпиада ойындарында шайбалы хоккейден ерлер арасында 1/2 финалға шыққан құрамалар анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Мұндай мүмкіндікке Финляндия, Словакия, Ресей, Швеция құрамалары қол жеткізді.
Бүгін, 16 ақпанда ширек финалда Финляндия Швейцарияны 5:1 есебімен тізе бүктірсе, Словакия АҚШ-тан буллиттен 3:2 есебімен басым түсті.
Сондай-ақ, Ресей Швецияны 3:1 есебімен осал тұбын тапса, Швпецияны Канаданы 2:0 есебімен сүріндірді.
Енді жартылай финал ойындары 18 ақпан күні өткізіледі. Бұл күні Финляндия мен Словакия, Ресей мен Швеция шеберлік байқасады.
Ал 3-орын үшін сайыс 19 ақпанда өткізілсе, 20 ақпанда финал болады.
Еске салсақ, ерлер арасындағы бәсекеде барлығы 12 құрама үш топқа бөлініп бақ сынады.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.