НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бейжіңде өтіп жатқан Қысқы Олимпиада ойындарында шорт-тректен Әділ Ғалиахметов ширек финалға жетпей сүрінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бүгін Бейжіңдегі Олимпиада ойындарында қазақстандық спортшылардың қатысуымен шорт-тректен жарыс басталды.
Қазақстаннан алғашқы болып 1000 метр қашықта сынға түскен Әділ Ғалиахметов аталған қашықтықты 1:24:855 уақытта бағындырып, өз тобында үшінші орынға ие болды. Бұл көрсеткіш ширек финалға шығуға жеткіліксіз болды.
Енді шамалы уақыттан кейін шорт-тректен аралас эстафетадан жарыстар басталады. Онда Абзал Әжіғалиев, Денис Никиша, Яна Хан, Ольга Тихонова қатарлы спортшылар мұз айдынға шығады.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.