НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Бейжің Олимпиадасында шорт-тректен 500 метрлік қашықтықта екі спортшымыз жартылай финалға шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аталған қашықтықта Қазақстан атынан Абзал Әжіғалиев, Денис Никиша және Әділ Ғалиахметов бақ сынады. Нәтижесінде Әжіғалиев пен Никиша жартылай финалға жолдама алды.
Денис Никиша 500 метр қашықтықты 40,355 секундта жүгіріп өтсе, Абзал Әжғалиев 40,643 секунтта мәре сызығын кесті.
Ал Әділ Ғалиахметов мәре сызығын 40,925 секунд басып өтті. Өкінішке қарай бұл көрсеткіші оған жартылай финалға өтуге жеткіліксіз болды.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.