Бейжің-2022: Шыңғыс Ракпаров олимпиаданы 41-орынмен аяқтады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Бейжіңде өтіп жатқан Олимпиада ойындарында шаңғы қоссайысынан жеңімпаздар анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған сында Қазақстаннан жалғыз Шыңғыс Ракпаров ел намысын қорғады. Ол алғашқы сайыста тұғырдан секіруден сынға түсіп, 79.5 метрге секірді. Қорытынды есепте 69.9 ұпай иеленді. Бұл сында Ракпаров көшбасшыдан 4 минут 12 секундқа қалып қойған болатын.

Ш.Ракпаров жаңа ғана екінші сайыс түрінен, яғни гундерсон жүйесі бойынша із кесуде (10 км.) 6:55,4 нәтиже көрсетіп, қоссайыс қорытындысында Олимпиада ойындарын 41-орынмен аяқтады.

Шаңғы қоссайысының жеңімпаздары мен жүлдегерлері:

Гундерсен жүйесі бойынша жарыс. 10 км. Ерлер

1. Винзенц Гейгер (Германия) – 25:07,7

2. Йорген Нюланд Гробак (Норвегия) 0,8

3. Лукаш Грейдерер (Австрия) 6,6

…41. Шыңғыс Рақпаров (Қазақстан) 6:55,4.

Айта кетейік, Шыңғыс Ракпаров аталған спорт бойынша Олимпиадаға қатысқан алғашқы қазақстандық спортшы.