Бейжің Олимпиадасын ұйымдастыру коитеті х абарлағандай, бұған басты себеп - ауа райының қолайсыздығы.
Бүгін тау шаңғышылары сайысқа түсетін Яньцинде қатты жел тұрған. Сол себепті бүгінгі өтетін тау шаңғышыларының жарыстарын ұйымдастыру комитеті бір күн кешіктіріп, 7 ақпанда өткізетін болып шешті.
Айта кетейік, жарыс Бейжің орталығы, Яньцинь және Чжанцзякоу секілді үш аймақта өтеді.
Бейжіңде керлинг, хоккей, конькимен жүгіру спорты, ерлер мен әйелдер арасындағы сноубординг, шаңғы фристайлындағы биг-эйр бәсекелерін қабылдайды.
Ал астана маңында орналасқан Яньциньде шаңғы, бобслей, скелетон және шана спортында медальдар жүлделері сарапқа салынады.
Хэбэй провинциясында орналасқан Чжанцзякоу қаласында сноубординг, шаңғы спортының барлық түрі және биатлон жарыстарын қабылдайды.