БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Қытай астанасы Бейжің қаласында өтіп жатқан Ақ Олимпиада ойындарында бүгін Фристайл-акробатикасынан алғашқы іріктеу сындары өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бүгінгі аталған сында әйелдер арасынан қазақстандық Жанбота Алдабергенова мен Ақмаржан Қалмұрзаева жарыс алаңына шықты.
Нәтижесінде алғашқы іріктеудің қорытындысы бойынша Жанбота Алдабергенова 80,56 ұпай еншілеп, 12-ші орынға тұрақтаса, Ақмаржан Қалмырзаеваның 70,86 нәтижесімен 19-шы орынға табан тіреді.
Бұл көрсеткіш екі отандасымызды да екінші ріктеу кезеңінде сынға түсуге мүмкіндік береді. Ал бірінші іріктеуде алғашқы алтылыққа енген спортшылар бірден тікелей финалға өтті.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.