Бейжің әуежайында «Эйр Астана» рейсі бөгеліп тұр

АСТАНА. ҚазАқпарат- Бейжің әуежайында Air Astana рейсі бөгелді, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Бейжің-Астана рейсінің бөгелу себебі - қозғалтқыш параметрлерінің келісілмеуі», - деді «Эйр Астана» компаниясының корпоративтік коммуникациялар менеджері Тілек Әбдірахымов.

Авиакомпания баспасөз қызметінің деректеріне сәйкес, ұшақ Астанаға бүгін түнде 02.55-те ұшуы тиіс болған. Алайда техникалық себептермен кейінге қалдырылды. Енді ол Бейжің уақыты бойынша 23.55-те ұшады. Рейстің 118 жолаушысы қонақүйге орналастырылды.