Ресми статистикалық мәліметтерге сүйенсек, 2009 жылдың соңында Бейжіңде тұрақты өмір сүретін халық саны 19,72 млн. адамды құраған, оның ішінде 12,46 млн. адам Бейжіңде тіркелген.
Ал жергілікті БАҚ ақпараттары бойынша, ағымдағы жылдың 31 қаңтары мен 2 ақпаны аралығында, Көктем мерекесінің алдында туыс-туғандарымен кездесу үшін 10,6 миллионға жуық адам Бейжіңнен кетеді деп көзделіп отыр. Олардың ішінде 5 млн. халық Қытай елордасында тіркелмеген, бірақ сонда өмір сүретін адамдар қатарына жатады.
Бейжіңнің 12-нші бесжылдық кезеңге арналған даму бағдарламасында (2011-2015 жылдар) халық санының тым артуын ұстап тұру жөніндегі кешенді шараларды қолға алу керектігі жайлы айтылған.
Сарапшылардың пікірінше, Бейжіңдегі халықтың тоқтаусыз әрі шамадан тыс өсуі әлеуметтік қызмет көрсету мен қалалық басқару алдында үлкен қауіп төндіреді, сонымен қатар көлік тасымалы, білім беру, денсаулық сақтау мен жылжымайтын мүлік саласындағы жағдайдың қиындап кетуіне себепші болады.
Соңғы жылдары қалада автокөліктердің тіркелу тізімі де артқаны байқалған. Егер де 1997 жылы Қытай елордасының көшелерінде 1 млн. автокөлік жүрсе, 2010 жылы бұл саны 4,76 миллионға дейін артқан.