Бейжің Қытай Халық Республикасының 60 жылдығын тойлауға дайындалуда

БЕЙЖІҢ. Қыркүйектің  17-сі. ҚазАқпарат /Руслан  Сүлейменов/ - Бейжің    Қытай Халық  Республикасының  құрылуының  60 жылдығын тойлауға дайындалуда.

Қытай   Халық  Республикасының   құрылған күні  ерекше салтанатпен  атап өтіледі.     Ол -    әскери  парадтар  мен     салтанатты халық серуендерінің кезеңі. Осынау   жарқын    көріністі тамашалау  үшін Қытайға      туристер    ағылып келеді.

Қытайдың    басты мемлекеттік мерекесі -  Қытай Халық  Республикасының  құрылған күні -    қазанның 1-інде  тойланады.    Бұл күні Бейжіңде  Тяньаньмэнь  алаңында    Қытай   Халық Республикасының  құрылуының 60  жылдығына арналған  бірқатар  салтанатты  шара  өтеді.   Ел Төрағасы   Ху Цзиньтао  сөз сөйлейді  деп күтілуде.

Биылғы бағдарламаға    әскери парад,   еңбекшілердің демонстрациясы,  мерекелік концерт және  отшашу    еніп  отыр.    Биылғы  парадқа,    жылдағыдан   көп әскерилер мен  әскери техникалар  қатысқалы  отырғанын  айта кеткен жөн.

Қазір Тяньаньмэнь  алаңында мерекелік  шаралардың  дайындығы  жүріп  жатыр.  Қаланың басты көшелері    мен   орталық  алаңы   осынау  мерекеге  орай  безендірілуде.